Қазақстандық төрешілер Еуропа Лигасының матчтарында қызмет атқарады
Қазақстандық төрешілер тобы Еуропа Лигасының алғашқы іріктеу кезеңінің қарымта матчтарында қызмет атқарады, деп хабарлайды ҚФФ сайты.
Беларусь елінің Солигорск қаласына қызылжарлық Александр Гаузер бастаған төрешілер тобы барады. «Шахтер» (Солигорск, Беларусь) – «Гленавон» (Северная Ирландия) матчында төрешінің көмекшілері болып қостанайлық Санжар Ысқақов пен алматылық Александр Павлов тағайындалды.
Әзірбайжан астанасы Бакуге алматылық Александр Алиев бастаған төрешілер тобы жол тартады. «Интер» (Әзірбайжан) – Лячи КФ (Албания) матчында бас төрешіге жерлестері Сергей Васютин мен Самат Тергеусізов көмектеспек. Төртінші төреші қызметі Денис Измайловке жүктелді.
Екі ойын да 9 шілде күні өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25