Дастан Сәтпаев «Бернли» сапына қосылды
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатынан кейін ағылшынның «Бернли» клубымен бірге жаттығуға кірісті. Бұл туралы клубтың бас бапкері Никки Хайен мәлімдеді.
«Дастан оралды. Ол толыққанды жаттығу жасап жүр және матчқа өтінімге енгізілуге дайын болады», – деді маман баспасөз мәслихатында.
18 жастағы футболшы 2 қыркүйекте «Мидлсброға» қарсы Чемпионшип матчында (1:1) жарақат алған еді. Содан бері алаңға шықпай, Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы ойындарын да өткізіп алды.
«Бернли» 10 қазанда Чемпионшиптің 9-туры аясында сырт алаңда «Уотфордпен» кездеседі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жұрқамырза Шүкірбеков V Азия Пара ойындарының чемпионы атанды
21.10.2026, 13:00
Пара дзюдо: Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды
21.10.2026, 13:00
Зарина Раифова мен Ақтолқын Сейілбекова V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
21.10.2026, 12:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Бруссенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегерлері
21.10.2026, 11:25
Қазақстан құрамасы пара велоспорттан тағы бір алтын медаль жеңіп алды
21.10.2026, 11:00
Қазақстан құрамасы пара садақ атудан күміс медаль иеленді
21.10.2026, 10:30
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
21.10.2026, 10:00
Махамбет Серікқалиев V Пара Азия ойындарының қола жүлдегері
21.10.2026, 09:45