Бексұлтан Құлмырза V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
Аичи–Нагояда өтіп жатқан V Пара Азия ойындарында қазақстандық пара дзюдошы Бексұлтан Құлмырза алтын медаль жеңіп алды.
J2 санатында 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз финалда Корея Республикасының өкілі Ким Донхунды 1 минут 44 секундта иппон әдісімен жеңіп, топ жарды.
Осы салмақ дәрежесінде Қазақстанның тағы бір өкілі Ғалымжан Смағұлұлы қола жүлдеге ие болды. Ол ширек финалда Өзбекстан спортшысын қосымша уақытта жеңгенімен, жартылай финалда Корея Республикасының өкіліне есе жіберді. Қола медаль үшін өткен белдесуде Ғалымжан Иран спортшысы Реза Голамиден басым түсті.
Осылайша, қазақстандық пара дзюдошылар 81 келіге дейінгі салмақта Азия Пара ойындарында алтын және қола медаль иеленді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жұрқамырза Шүкірбеков V Азия Пара ойындарының чемпионы атанды
21.10.2026, 13:00
Пара дзюдо: Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды
21.10.2026, 13:00
Зарина Раифова мен Ақтолқын Сейілбекова V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
21.10.2026, 12:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Бруссенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегерлері
21.10.2026, 11:25
Қазақстан құрамасы пара велоспорттан тағы бір алтын медаль жеңіп алды
21.10.2026, 11:00
Қазақстан құрамасы пара садақ атудан күміс медаль иеленді
21.10.2026, 10:30
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
21.10.2026, 10:00
Махамбет Серікқалиев V Пара Азия ойындарының қола жүлдегері
21.10.2026, 09:45