Басты Жаңалықтар «Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды

«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды

«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды

Шымкенттік клуб Қазақстан Премьер-лигасының аяқталуына бір тур қалғанда чемпиондық атақты мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.

«Ордабасы» 29 матчтан кейін 68 ұпаймен көш бастап тұр. Басты қарсыластарының бірі «Қайрат» «Ақтөбемен» 2:2 есебімен тең ойнап, 64 ұпай жинады. Осы нәтижеден кейін алматылық клуб шымкенттіктерді қуып жете алмайды.
Осылайша, «Ордабасы» өз тарихында екінші рет Қазақстан чемпионы атанды. Шымкенттік команда бұған дейін 2023 жылы ел біріншілігінде топ жарған.
«Ордабасы» Қазақстан кубогының финалында да өнер көрсетеді. Шешуші матчта шымкенттіктер қызылордалық «Қайсармен» кездеседі.
Бөлісу