Басты Жаңалықтар Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Бағдат Сабаз Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде Әзербайжан өкілі, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Хасрат Джафаровты 8:5 есебімен жеңді.

Бағдат Сабаз жарыс жолын сәтті бастап, іріктеу кезеңінде Қырғызстан өкілі Раззак Бейшекеевті, ал 1/8 финалда Абу Муслим Амаевты жеңді. Ширек финалда Иран балуаны Саид Эсмаилиге есе жібергенімен, жұбаныш белдесуінде Қытай өкілі Цзинь Синьсиньді 8:5 есебімен ұтып, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды.

Осылайша, Бағдат Сабаз әлем чемпионатының жүлдегерлері қатарына қосылды. Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен үш қола медаль жеңіп алды. Бұған дейін Исхар Құрбаев (55 кг) пен Айдос Сұлтанғали (60 кг) үздік үштікке енген еді.


Бөлісу