Маттео Трефолони: «Ақтөбе» қақпасына соғылған голдың саналмауы – дұрыс шешім
Премьер-лиганың 15-ші турындағы «Ақтөбе» - «Астана» матчында қызмет атқарған бас төрешінің жұмысы көптеген сұрақтар туғызды. Әсірес, Фокси Кетевоама салған голдың саналмауы. Төрелік ету және қадағалау департаментінің жетекшісі Маттео Трефолони Қазақстан Футбол федерациясының баспасөз қызметіне бұл жағдай бойынша пікір білдірді.
«Әдетте біз пікір білдірмейміз, бірақ ойын жағдайының қиындығына байланысты бұл эпизодты мұқият қарап шықтық және қоғам үшін әдістемелік түсіндірмені ұсынамыз, – дейді Төрелік ету және қадағалау департаментінің жетекшісі Маттео Трефолони.
«Ақтөбе» қақпасына гол соғылған сәтте төрешінің голды есептеу жөнінде қабылдаған шешімі толықтай дұрыс. Мәселе «Астана» клубының №10 ойыншысы (Фокси Кетевоама - автор) офсайдта қалуы жөнінде емес, белсенді әрекетімен қақпашыға кедергі келтірген №22 ойыншының ойыннан тыс қалуында болып отыр. Ол бұл әрекеті арқылы ойын жағдайына ықпал етті. Матч төрешісі ойын ережесі бойынша толықтай дұрыс шешім қабылдады. Ережеге сәйкес, егер шабуылшы ойыннан тыс жағдайда қақпашының көру мүмкіндігін жапса, онда ол жазалануы тиіс. Яғни, ол қарсыластың допқа ойнау және допқа ойнау мүмкіндігіне кедергі келтіреді.
Фото: kff.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XX жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
11.09.2026, 12:00
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты
11.09.2026, 10:30
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30