«Қайрат» УЕФА Кубогын екінші рет ұтып алды
Лиссабонда (Португалия) шағын футболдан УЕФА Кубогының «Төрттік финалы» аяқталды.
Финалда қазақстандық «Қайрат» пен испаниялық «Барселона» кездесіп, алматылық клуб 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Бірінші таймда қазақстандық команда сапынан Умберто мен Диваней гол соғып, «Қайрат» үзіліске 2:0 басымдығымен кеткен еді. Екеуіне де пасты Лео берді.
Екінші таймда «Барселона» командасынан Саад гол соғып, есепті қысқарты. Алайда, қазақстандық клуб сапындағы ойыншы Игор тағы бір соғып, есепті 3:1 жеткізді.
Испаниялық Линнің голынан кейін есеп 3:2-ге дейін қысқарғанымен, алматылықтар жеңісті қолдан жібермеді. Осылайша қазақстандық «Қайрат» ел тарихында УЕФА Кубогында екінші рет жеңіп алды.
Айта кетейік, жартылай финалда қазақстандық «Қайрат» пен ресейлік «Дина» командалары кездесіп, алматылық клуб қосымша уақыт қорытындысы бойынша 7:4 есебімен жеңіске жеткен еді.
УЕФА Кубогының «Төрттік финалындағы» барлық матчтарды «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мексика - Оңтүстік Корея: Тікелей эфир
18.06.2026, 21:30
Канада - Қатар: Тікелей эфир!
18.06.2026, 21:00
Швейцария - Босния және Герцеговина: Тікелей эфир!
18.06.2026, 21:00
Чехия - ОАР: Тікелей эфир!
18.06.2026, 18:00
Колумбия Өзбекстанды жеңді
18.06.2026, 11:00
Гана соңғы минуттарда жеңісті жұлып алды
18.06.2026, 07:45
Англия Хорватиядан басым түсті
18.06.2026, 05:45
Португалия мен Конго ДР ұпай бөлісті
18.06.2026, 00:30