«KAZsport» «Оқжетпес»-«Шахтер» және «Астана»-«Ордабасы» ойынын тікелей эфирде көрсетеді
Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 7-ші турында бірнеше матч өтеді. Көкшетаулық «Оқжетпес» Қарағанды қаласының «Шахтер» клубын қабылдаса, қызылордалық «Қайсар» «Таразбен» кездеседі. Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» «Атыраумен» ойнаса, қостанайлық «Тобыл» өз алаңында «Ақтөбемен» сынға түседі. Ал, «Астана» мен шымкенттік «Ордабасы» арасындағы ҚПЛ-дың 7-ші турындағы орталық ойын Астанада өтеді.
Сонымен қатар, ВТБ Лигасы аясында «Астана» баскетбол клубы Самарада «Красные Крылья» командасымен кездеседі.
Ал, жасөспірімдер арасындағы хоккейден Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Норвегия хоккейшілерімен ойнайды.
Айта кетейік, «KAZsport» телеарнасы «Оқжетпес» пен «Шахтер» арасындағы ойынды сағат 13:50-де, «Астана» мен «Ордабасы» кездесуін сағат 18:50-де тікелей эфирде көрсетеді. Ал, «Астана» мен «Красные Крылья» арасындағы баскетбол ойынын сағат 21:00-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25