Юрий Красножан: Бүгін жеңіске жетуге тырысамыз
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан Қазақстан – Исландия матчы алдында баспасөз мәслихатын өткізді.
Журналистердің сауалына Ұлттық құрама футболшылары Бауыржан Исламхан да жауап берді.
«Біздің тобымызда оңай ойындар жоқ. Бұл матч ең қиын ойындардың бірі болмақ. Исландия құрамасы 4-4-2 жүйесі бойынша жақсы ойын көрсете алады. Тәжірибелі футболшылар жеткілікті. Төрт ойында төрт гол соққан Сигурдссон, «Аякс» шабуылшысы Сигторссон, құраманың капитаны Арон Гуннарссон бар. Оларды мұқият бақылау керек», - дейді бас бапкер Юрий Красножан.
«Осы ойынды барлығы күтіп отыр. Жеңіске жетпегенімізге көп болды. Оны бәрі біледі. Бүгінгі матчқа бәрі дайын, жиі жаттығу өткіздік. Жанкүйерлердің стадионға көптеп жиналғанын қалаймыз. Бәріміз күшімізді салып ойнасақ, жеңіске жетуге болады. Исландия жастар құрамасын 3:2 есебімен ұтқан едік. Сол жеңісті қайталағымыз келеді», - дейді Ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XX жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
11.09.2026, 12:00
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты
11.09.2026, 10:30
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30