Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында екі медаль жеңді
Германияның Саарбрюккен қаласында дзюдодан Еуропа кубогы аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде аса ауыр салмақта белдескен отандасымыз Санжар Жабборов ел қоржынына қола жүлде салды.
Санжар Жаббаров (+100 кг) франциялық Адриен Ливольсиді ұтып өз тобынан үздік шыққан болатын. Жартылай финалдық белдесуде әзірбайжан балуаны Шахин Шахрамановқа есе жіберіп, қола жүлде үшін белдесуге мүмкіндік алды. Шешуші жұбаныш белдесуде қос қазақстандық Ерасыл Қажыбаев пен Санжар Жабборов кездесіп, Санжар Жабборов жеңіске жетті.
Ал, турнирдің алғашқы күнінде 66 келі салмақта сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев алтын үшін таласта Қырғызбаев грузиялық Торник Нагиашвилиден ұтылып, күміс жүлдені қоржынға салған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00