Басты Жаңалықтар Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!

Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!

Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды.
52 келіге дейінгі салмақта сынға түскен 17 жастағы спортшы үш белдесудің барлығында қарсыластарын мерзімінен бұрын иппон әдісімен жеңді. Ширек финалда костарикалық Химена Моралес Гамбоаны, жартылай финалда словакиялық Вивьен Вадовицованы, ал финалда португалиялық София Гаспарды ұтты.
Айта кетейік, Фатима Сұпығалиева бұл додаға 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары мен әлем чемпионатының жеңімпазы ретінде келген.

Бөлісу