Қазақстандық жеңіл атлеттер Азия чемпионатында тағы екі алтын ұтты
Осы күндері үндістандық Бхубанешваре қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық жеңіл атлеттер 8 шілдеде екі алтын, бір күміс ұтты, деп хабарлайды Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы.
Қазақстандықтар үш қарғып секіруде жақсы жетістік көрсетті. 18 жастағы Мария Овчинникова 13.72 метр нәтижемен чемпиондық титулды жеңіп алды. Алтын медальдан басқа Мария Овчинникова құрлық чемпионы ретінде 4-13 тамыз аралығында Лондонда өтетін әлем чемпионатында жарысқа қатысу құқығын алды.
Біздің жеңіл атлеттер 4 спортшы 100 метрлік эстафетаға жүгіруден үздік таылды - 43.54. Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен: Рима Кашафутдинова, Виктория Зябкина, Светлана Голендова, Ольга Сафроновалар.
Жарыс бағдарламасының тағы екі түрінде қазақстандық жеңіл атлеттер төртінші болды: Дмитрий Коблов - ерлер арасында 400 метрге жүгіру, әйелдер арасында Мерджен Ишангулиева.
Төртінші қорытынды күн алдында қазақстандық жеңіл атлеттер активінде - 6 медаль: 3 алтын, 2 күміс, бір қола.
Командалық есепте Қазақстан Үндістан (7, 4, 9), Қытай (5, 6, 4) және Иран (4, 0, 1) елдерінен кейінгі төртінші орында. Чемпионатқа барлығы 43 елден жеңіл атлеттер қатысуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Әлем чемпионаты өтеді
20.03.2026, 15:11
Қазақстандық гимнасттар Грекиядағы халықаралық турнирде өнер көрсетеді
20.03.2026, 10:05
Қазақстандық дзюдошылар Хорватиядағы Еуропа кубогына қатысады
18.03.2026, 17:05
Конькимен жүгіруден ел чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды
18.03.2026, 15:20
Мәнерлеп сырғанаудан Прагада өтетін Әлем чемпионатында екі қазақстандық спортшы өнер көрсетеді
18.03.2026, 11:21
Қазақстан құрамасы тректегі велоспорттан Азия чемпионатында өнер көрсетеді
17.03.2026, 17:17
Грузиядағы Grand Slam турнирінде ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімі жарияланды
17.03.2026, 12:15
Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогын бір алтын медальмен аяқтады
16.03.2026, 16:30