Басты Жаңалықтар Чехия-Қазақстан матчы 2:1 есебімен аяқталды

Чехия-Қазақстан матчы 2:1 есебімен аяқталды

Чехия-Қазақстан матчы 2:1 есебімен аяқталды
Пльзень қаласының «Дусан Арена» стадионында футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 іріктеу кезеңі аясында Чехия командасымен кездесті. Алаң иелерінің шабуылынан басталған ойынның 1-ші таймы 0:1 есебімен аяқталды. Матчтың 21-ші минутында Бауыржан Исламханнан пас алған Юрий Логвиненко баспен гол соқты. Ойынның 2-ші таймында чехиялық футболшылар басымдықты қолдарына алып, гол соғуға тырысты. Стас Покатиловтың қақпасын шабуылға алған алаң иелері 73-ші минутта есепті теңестіріп кетті. Гол авторы – Милан Шкода. Ал, мачтың 86-шы минутында Милан Шкода дубль жасап, өз командасына жеңіс әкелді. Осылайша кездесу 2:1 есебімен алаң иелері пайдасына аяқталды. Чехия футболшылары Еуро-2016 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасын екінші рет ұтты. Чехия — Қазақстан 2:1 (0:1) Голдар: Логвиненко 21 (0:1), Шкода 74 (1:1), Шкода 86 (2:1) Сары қағаздар: Шомко 42 Чехия: Чех, Кадержабек, Прохазка, Лимберски, Сухи, Дочкал, Скалак (Шкода 46), Павелка, Крейчи (Копиц 84), Дарида (Шурал 68), Лафата Қазақстан: Покатилов, Малый, Гурман, Смақов, Логвиненко, Қуат, Қонысбаев (Көкеев 88), Исламхан (Сүйімбаев 78), Шомко, Нөсербаев (Хижниченко 72), Жолчиев Бас төреші: Мартин Стрембергссон (Швеция) 4 қыркүйек. Пльзень. «Дусан Арена». Еске сала кетейік, енді 5 қыркүйек күні (5-нен 6-на қараған түн) «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Исландия-Қазақстан матчын Астана уақытымен сағат 00:30-да тікелей эфирде көрсетеді.
Бөлісу