Басты Жаңалықтар Астанада Біріккен күрес әлемінің конгресі өтті

Астанада Біріккен күрес әлемінің конгресі өтті

Астанада Біріккен күрес әлемінің конгресі өтті

Конгресс аясында UWW президенті мен Бюро мүшелерін сайлау жоспарланған. Сонымен қатар ұйымның 2024–2026 жылдардағы қызметінің қорытындысы, қаржылық есептер, төрешілік жүйесі, халықаралық жарыстарды ұйымдастыру және Лос-Анджелес – 2028 Олимпиадасына дайындық мәселелері қаралады.
Жиынның маңызды тақырыптарының бірі – UWW-дің 2026–2032 жылдарға арналған жаңа стратегиясы. Құжатта жастар спортын дамыту, әйелдер күресін қолдау, цифрландыру, спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықаралық күрестің әлеуетін арттыру бағыттарына басымдық берілген.
Айта кетейік, 24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанадағы «Барыс Аренада» грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді.

Бөлісу