Футболдан Қазақстан жастар құрамасының ЕУРО-2017 іріктеу матчтарына қатысатын құрамы анықталды
Қазақстан жастар құрамасы 2-7 қыркүйек аралығында жастар арасындағы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде екі кездесу өткізеді. Алдымен сырт алаңда Босния және Герцеговина құрамасымен ойнаса, кейін Алматыда Швейцария құрамасын қабылдайды, деп хабарлайды ҚФФ сайты.
Осы екі ойынға Саулюс Ширмялис жетекшілік ететін бапкерлік құрам келесі футболшыларды шақырды:
Қақпашылар: Михаил Голубничий («Астана»), Станислав Павлов («Ақтөбе»), Владимир Грошев («Қайрат»).
Қорғаушылар: Григорий Сартаков («Ертіс»), Рафкат Аслан («Тобыл»), Тимур Рудосельский («Қайрат»), Әнуар Агайсин («Тобыл»), Темірлан Әділханов («Жетісу»), Павел Халезов («Ертіс»), Берік Шайхов («Ертіс»), Антон Куксин («Оқжетпес»).
Жартылай қорғаушылар: Әлішер Сүлей («Тараз»), Мирас Төлиев («Оқжетпес»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Ойбек Балтабаев («Қайрат»), Ринат Хайруллин («Астана»), Дидар Жалмұқан («Ақтөбе»), Қуаныш Қалмұратов («Атырау»), Иван Антипов («Ақжайық»).
Шабуылшылар: Абат Әйімбетов («Ақтөбе»), Алексей Родионов («Астана»), Рауан Сариев («Ордабасы»), Максим Федин («Спартак», Сербия).
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25
Елена Рыбакина Нинбодағы WTA 500 турнирінде топ жарды
25.10.2026, 17:00
Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада төртінші орынға тұрақтады
24.10.2026, 18:00
Қазақстан V Пара Азия ойындарын 50 медальмен қорытындылады
24.10.2026, 17:00
Александр Бублик Almaty Open турнирінде Карен Хачановты жеңді
24.10.2026, 11:00
Астанада Біріккен күрес әлемінің конгресі өтті
23.10.2026, 22:10
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05