«Бордо» - «Қайрат» матчы 1:0 есебімен аяқталды
Еуропа Лигасының плей-офф раунды аясында франциялық «Бордо» клубы мен алматылық «Қайрат» арасындағы ойын аяқталды.
Францияның «Нуво Стад де Бордо» стадионында өткен ойында «Бордо» командасы 1:0 себімен жеңіске жетті.
Ойын болжағандай өте белсенді басталды. «Бордо» футболшылары көп шабуыл жасап, допты өз бақылауында ұстады. Матчтың 5-ші минутында франциялық команданың шабуылшысы Кизе-Телин есеп ашатын мүмкіндікті мүлт жіберді.
Осыдан кейін «Бордо» шабуыларды үдете түсті, алайда «Қайрат» қарымта шабылда ойнады. Алайда матчтың 27-ші минутында Вахби Хазри гол соғып алаң иелерін алға шығарды. Тағы алты минуттан кейін «Бордо» ойыншылары тағы гол соғып кете жаздады.
Екінші таймда да шабуылдар толастамады. Алайда ойыншылардың біраз шаршап қалғаны байқалды. Осылайша өте тартысты өткен матч 1:0 есебімен аяқталды.
«Бордо»: Жером Приор, Диего Контенто, Николас Паллоис, Абду Траоре, Диего Ролан, Енри Савиет, Исаак Киес, Андре Поко Биёго, Седрик Ембер, Вахби Хазри, Фредерик Жилберт,
Қосалқы ойыншылар: Симон Лефебре, Милан Гайич, Томас Туре, Николас Маурис-Белай, Жуссии, Енцо Кривелли, Махим Пондж.
«Кайрат»: Владимир Плотников, Бруно Соарес, Марк Гурман, Михаил Бакаев, Бауыржан Исламхан, Исаэл, Жерар Гоу, Ермек Куантаев, Сито Риера, Исламбек Куат, Анатолий Тимощук.
Қосалқы ойыншылар: Сергей Ткачук, Тимур Рудосельский, Жамбыл Кукеев, Аслан Дарабаев, Сержиньо, Улан Конысбаев, Джордже Деспотович.
Енді «Қайрат» - «Бордо» қарымта матчы Алматының «Орталық стадионында» 27 тамыз күні сағат 20:45-те өтеді.
Еске сала кетейік, бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мексика - Оңтүстік Корея: Тікелей эфир
18.06.2026, 21:30
Канада - Қатар: Тікелей эфир!
18.06.2026, 21:00
Швейцария - Босния және Герцеговина: Тікелей эфир!
18.06.2026, 21:00
Чехия - ОАР: Тікелей эфир!
18.06.2026, 18:00
Колумбия Өзбекстанды жеңді
18.06.2026, 11:00
Гана соңғы минуттарда жеңісті жұлып алды
18.06.2026, 07:45
Англия Хорватиядан басым түсті
18.06.2026, 05:45
Португалия мен Конго ДР ұпай бөлісті
18.06.2026, 00:30