«Астана» - «ХИК» матчының 1-ші таймы аяқталды
Алғашқы таймда «ХИК» 1:2 есебімен алда тұр.
«Астана-Арненада» елордалық «Астана» мен финляндиялық «ХИК» арасындағы ойынның 1-ші таймы аяқталды.
Алаң иелері үшін матч сәтсіз басталды. Себебі «ХИК» командасы өзінің алғашқы шабуылын нәтижелі аяқтады. Ойынның 4-ші минутында финляндиялық команданың шабуылшысы Джаллоу гол соғып, қонақтарды алға шығарды.
Осыдан кейін басымдықты қолына алған «Астана» командасы шабуылды үдетті. 20-шы минутта қазақстандық клубтың капитаны Таңат Нөсербаевтың соққысы қақпадан биік кетті.
Қарымта шабуылда ойнаған «ХИК» 42-ші минутта ойындағы екінші голды соғып кетті. Оның авторы – Гидеон Баах.
Алайда, 2 минуттан кейін алаң иелері сапынан Патрик Твумаси гол соғып, 1-ші таймдағы есепті 1:2-ге жеткізді.
Енді «Астанаға» Чемпиондар Лигасының келесі кезеңіне өту үшін тек жеңіс қажет. Себебі Хельсинкиде өткен алғашқы ойын 0:0 есебімен аяқталған еді.
Еске сала кетейік, ойынды «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25
Елена Рыбакина Нинбодағы WTA 500 турнирінде топ жарды
25.10.2026, 17:00
Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада төртінші орынға тұрақтады
24.10.2026, 18:00
Қазақстан V Пара Азия ойындарын 50 медальмен қорытындылады
24.10.2026, 17:00
Александр Бублик Almaty Open турнирінде Карен Хачановты жеңді
24.10.2026, 11:00
Астанада Біріккен күрес әлемінің конгресі өтті
23.10.2026, 22:10
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05