Еуропа Лигасы. «Қайрат» - «Алашкерт» арасындағы матчты португалиялық төрешілер басқарады
Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінде ойнап жатқан қазақстандық «Қайрат» клубымен армениялық «Алашкерт» арасындағы қарымта кездесуді португалиялық төрешілер басқарады.
23 шілдеде Армения астанасы Ереван қаласында өтетін кездесуге португалиялық Жоау Капелом төрелік етеді. Оған екі қапталдан отандастары Нуну Перейра мен Руй Мигель Мартинс Ресенде Тейшейра көмектеседі. Төртінші төреші – Тьягу Мартинш.
Матч Ереван қаласындағы «Вазгена Саргсяна» стадионында Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.
Еске сала кетейік, алғашқы ойында «Кайрат» клубы өз алаңында «Алашкерт» командасын 3:0 есебімен ұтқан.
Кездесуді «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25
Елена Рыбакина Нинбодағы WTA 500 турнирінде топ жарды
25.10.2026, 17:00
Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада төртінші орынға тұрақтады
24.10.2026, 18:00
Қазақстан V Пара Азия ойындарын 50 медальмен қорытындылады
24.10.2026, 17:00
Александр Бублик Almaty Open турнирінде Карен Хачановты жеңді
24.10.2026, 11:00
Астанада Біріккен күрес әлемінің конгресі өтті
23.10.2026, 22:10
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05