Қазақстандық Артем Кучин Еуропа Лигасының матчына төреші болып тағайындалды
Еуропа Лигасының 2-ші іріктеу кезеңіндегі румыниялық «Астра» мен шотландиялық «Инвернесс» арасындағы матчқа Артем Кучин бастаған қазақстандық төрешілер тобы тағайындалды.
Бас төрешіге тараздық Евгений Бельский мен атыраулық Анатолий Ходин көмектеседі. Төртінші төреші - талдықорғандық Денис Измайлов.
Өткен маусымда Артем Кучин Еуропа Лигасының топтық кезеңіндегі «Янг Бойз» (Швейцария) – «Слован» (Словакия) және «Генгам» (Франция) - «Динамо» (Минск, Беларусь) матчтарында жұмыс істеген.
Айта кетейік, қарағандылық төреші мен «Астра» клубының жолы осы уақытқа дейін де түйіскен. Артем Кучин 2014 жылы Еуропа Лигасының «Слован» - «Астра» матчында қызмет атқарып, сол ойын 3:2 есебімен румыниялық футболшылардың жеңісімен аяқталған.
Қарағандылық төреші клубтық турнирлерден бөлек, құрама командалардың матчтарына да тағайындалып жүр. Өткен жылы 21 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Уэльс – Англия және Кипр – Бельгия матчтарында қызмет атқарды.
Сонымен қатар, Әлем чемпионатының іріктеу матчтары мен 19 жасқа дейінгі жасөспірім құрамалар арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде жұмыс тәжірибесі бар. Оның ішінде жартылай финалдағы Чехия - Сербия кездесуін атап өтуге болады.
«Астра» - «Инвернесс» матчы 23 шілде күні Румынияның Джурджу қаласында Марин Атанасовичи стадионында өтеді. Бұл командалардың арасындағы алғашқы ойын 1:0 есебімен румыниялық футболшылардың пайдасына шешілді.
ҚФФ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XX жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
11.09.2026, 12:00
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты
11.09.2026, 10:30
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30