Бауыржан Исламхан: Бүгінгі кездесуде ойын тағдырын шешіп тастауымыз керек
«Қайрат» футбол клубының футболшылары «Алашкерт» клубына қарсы ойынға байланысты баспасөз мәслихатын өткізді.
Команда капитаны Бауыржан Исламхан бүгінгі ойында жеңіске жету үшін барын салатынын айтады.
«Алашкерт» - өте жақсы команда. Қарсылас қанша мықты болғанымен, бүгінгі ойында жеңіске жетуіміз керек. Сырт алаңдағы матч бізге қиынға соғатыны анық. Сондықтан, бүгінгі кездесуде ойын тағдырын шешіп тастауымыз керек. Әрине, жанкүйерлердің қолдауы бізге ауадай қажет», - дейді Бауыржан Исламхан.
Сонымен қатар, «Қайрат» сапына жаңадан қосылған украиналық футболшы Анатолий Тимощукте пікірімен бөлісті.
«Ойын алдында екі команданыңда жеңіске жету мүмкіндігі – 50-50 пайыз. Сондықтан, кез келген қарсыласты құрметтеу қажет. Біздің жеңіске жетуіміз үшін барлық мүмкіндік бар және жеңіс жолында аянып қалмаймыз», - дейді Анатолий Тимощук.
Еске сала кетейік, бүгін Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінде алматылық «Қайрат» клубы армениялық «Алашкерт» клубын қабылдайды.
Ойынды бүгін сағат 20:35-те «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25
Елена Рыбакина Нинбодағы WTA 500 турнирінде топ жарды
25.10.2026, 17:00
Данил Васильев жазғы Гран-при кезеңдерінің жалпы есебінде үздік үштікке енді
25.10.2026, 11:00
Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада төртінші орынға тұрақтады
24.10.2026, 18:00
Қазақстан V Пара Азия ойындарын 50 медальмен қорытындылады
24.10.2026, 17:00