Элизабет Тұрсынбаева Словакиядағы турнирден олжалы оралды
Словакия астанасы Братислава қаласында мəнерлеп сырғанаудан Ondrej Nepela ondrej 2018 халықаралық турнирінде Элизабет Тұрсынбаева күміс медальге ие болды.
Қысқа бағдарламаны еш қатесіз орындаған отандасымыз 69,99 ұпаймен алғашқы жарыс күнін екінші орынмен аяқтады.
Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 70,79 ұпай жинаған жапониялық Рика Кихира бірінші орында. Үшінші орында ресейлік Станислава Константинова болды.
Еркін бағдарламада да алғашқы үштікте өзгеріс болмады. Өз нәтижесін сақтап қала білген Тұрсынбаева күміс медальге ие болды. Оның жалпы ұпай көрсеткіші 192,30 ұпай. Бірінші орынды жапон қызы Рика Кихира алса, қола медаль Станислава Константинова еншісінде кетті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00