Қазақстандық шорт-трекшілер Еуропаның абсолютті чемпиондары атанды
Литваның Электренай қаласында шорт-трек спортынан жастар арасындағы Еуропа чемпионаты өтті.
Қазақстандық шорт-трекшілер бұл бәсекеде қарсылас шақ келтірмеді. Спортшылар 500, 1000 және 1500 метрлерде үздіктерді анықтады. Кейін жалпы есептегі жеңімпаз белгілі болды. Қыздар арасында Тайшманова Әсел абсолютті чемпион атанды.
Отандасымыз барлық қашықтықта да жеңіске жетті. Одан кейінгі екінші орында тағы бір отандасымыз Бақыткереева Қадиша. Қадиша барлық қашықтықта да Әселден кейін екінші орынды иеленді. Ұлдар арасында Нұрлыбек Бейсеев жалпы есепте чемпион атанды. Екінші орында тағы бір жерлесіміз Ифченко Глеб. Осылайша жас шорт-трекшілеріміз Еуропа чемпионатында тамаша жеңіске қол жеткізіп отыр.
inform.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00