Азиада-2017. Сергей Ткаченко трамплиннен секіруден қола жүлде иеленді
Қазақстандық шаңғышы Сергей Ткаченко Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан Азиада-2017 ойындарының тағы бір медалін қоржынға салды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол қола медаль жеңіп алды.
Ткаченко трамплиннен секіруден 238,0 нәтижесін көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Бұл жарыста алтын медальді жапон спортшысы Юкия Сато (254.0) алса, күміс медаль оның отандасы Юкен Ивасқа (251.0) бұйырды.
Осы спорт түрінен қазақстандық Марат Жапаров - жетінші орында (198.5), Сабыржан Мүмінов пен Константин Соколенко - тоғызыншы орынды иеленді (178.5).
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00