Қазақстан спортшылары садақ атудан Азия кубогында үш алтын жеңіп алды
Таиландтың Бангкок қаласында өткен Азия кубогының I кезеңінде Қазақстан құрамасы үш алтын және бір қола медаль жеңіп алды.
Әйелдер құрамасы (блоктық садақ ату) финалда Үндістанды 229:227 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленді. Құрама сапында Виктория Лян, Роксана Юнусова және Диана Юнусова өнер көрсетті.
Ерлер құрамасы (классикалық садақ ату) финалда Үндістанды 5:4 есебімен жеңді. Құрама сапында Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Дастан Кәрімов болды.
Әйелдер құрамасы (классикалық садақ ату) Қытайды 6:2 есебімен жеңіп, тағы бір алтын медаль иеленді. Бұл құрамда Александра Землянова, Самира Жұмағұлова және Диана Тұрсынбек өнер көрсетті.
Сонымен қатар, аралас командалық сайыста Виктория Лян мен Бунед Мирзаметов Сингапурды 152:151 есебімен жеңіп, қола медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы