Басты Жаңалықтар Пара дзюдо: Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды

Пара дзюдо: Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды

Пара дзюдо: Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Жазғы Пара Азия ойындарында пара дзюдодан Қазақстан құрамасының спортшылары бес медаль иеленді.

J2 санатында 95 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жанбота Аманжол күміс жүлдеге қол жеткізді. Осы салмақта өнер көрсеткен Ермек Нұрқабаев қола медаль еншіледі.

J1 санатында 95 келіден жоғары салмақта Бағланбек Оңалбек пен Ерлан Өтепов қола жүлдегер атанды.

Ал J2 санатында 70 келіге дейінгі салмақта белдескен Аяла Мереке қола медаль үшін өткен кездесуде Үндістан өкілін жеңіп, жарысты жүлдемен аяқтады.

Осылайша, қазақстандық пара дзюдошылар V Жазғы Пара Азия ойындарында бір күміс және төрт қола медаль жеңіп алды.

Бөлісу