Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Әлем чемпионаты өтеді
Байрақты бәсекені өткізу шешімі World Athletics кеңесінің Торунь (Польша) қаласында өткен отырысында ресми хабарланды.
Әлем чемпионаты 2030 жылдың 15-17 наурыз аралығында елордада өтеді деп жоспарланған.
Сонымен бірге халықаралық федерация басқа да әлемдік жарыстардың өтетін орындарын жария етті. Атап айтқанда, 2028 жылғы жабық кешендегі әлем чемпионаты Одиша (Үндістан) өңірінде өтеді. Ал Хэфэй (ҚХР) қаласында сол жылы спорттық жүрістен командалық әлем біріншілігі өтпек.
Сондай-ақ, 2023 жылы Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты ұйымдастырылған еді. Сонымен қатар елорда 2024 және 2025 жылдары World Indoor Tour Gold сериясының кезеңдерін қабылдады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жұрқамырза Шүкірбеков V Азия Пара ойындарының чемпионы атанды
21.10.2026, 13:00
Пара дзюдо: Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды
21.10.2026, 13:00
Зарина Раифова мен Ақтолқын Сейілбекова V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
21.10.2026, 12:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Бруссенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегерлері
21.10.2026, 11:25
Қазақстан құрамасы пара велоспорттан тағы бір алтын медаль жеңіп алды
21.10.2026, 11:00
Қазақстан құрамасы пара садақ атудан күміс медаль иеленді
21.10.2026, 10:30
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
21.10.2026, 10:00
Махамбет Серікқалиев V Пара Азия ойындарының қола жүлдегері
21.10.2026, 09:45