Тарихи сәт: Елдос Сметов дзюдодан париж олимпиадасының чемпионы
Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы атанды.
Сметов 60 келі салмақта жеңімпаз атанды. Финалда ол Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, франциялық Лука Мхелидзені жеңді.
Елдос белдесу соңына қарай маңызды ұпай жинап, сол басымдықты сақтап қалды. Нәтижесінде, ол дзюдодан Қазақстан тарихында Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш спортшы ретінде тарихқа енді.
Айта кетелік, Елдос өз мансабында үшінші рет Олимпиада жүлдесін алып отыр. 2016 жылы Рио Олимпиадасында күміс алған ол Токиода қола жүлдегер атанған еді.
Олимпиаданың аңсаған алтынына ол 31 жасында, Париж төрінде қол жеткізді.
Құтты болсын, Қазақ елі!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XX жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
11.09.2026, 12:00
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты
11.09.2026, 10:30
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30