Норвегия құрамасы - гандболдан әлем чемпионы
Гандболдан әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Ақтық кезеңге дейін сүрінбей жеткен Норвегия және Франция құрамалары болды. Осыған дейін Франция құрамасы Олимпиада ойындарында топ жарған еді. Тартысты өткен кездесуде Скандинавия түбегінің өкілдері 29:22 есебімен басым түсіп, Әлем біріншілігінде төртінші мәрте топ жарды.
Ал Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Дания құрамасы үшінші орын үшін болған кездесуде алаң қожайындары Испания құрамасын 35:28 есебімен жеңіп, Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, бұл Әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы да қатысқан. Алайда, отандастарымыз негізгі кезеңнен әрі аса алмады.
Ендігі Әлем чемпионаты 2023 жылы Дания, Швеция және Норвегияда өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00