Дания 2021 жылғы Әлем чемпионатын өткізуден бас тартты
Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Дания гимнастика федерациясының (DIF) 2021 жылғы әлем чемпионатын өткізуден бас тартқанын ресми мәлімдеді.
Жоспар бойынша спорттық гимнастикадан 2021 жылғы әлем чемпионаты Копенгагеннің Королева аренасында 18-24 қазан күндері өтуі тиіс еді. FIG Атқарушы комитеті мұндай шешімге өкініш білдірген.
Осы жағдайға байланысты халықаралық федерация келесі жылы әлем біріншілігін өткізетін елге іздеу салып, жағдайды тез арада реттеуге кірісетінін айтқан.
Копенгаген әлем біріншілігін өткізу құқығын 2018 жылы әлем чемпионатында ұтып алған болатын. Спорттық гимнастика бойынша әлем чемпионаты жыл сайын ұйымдастырылады. Тек, Олимпиада ойындары өтетін жылы ғана болмайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Грузиядағы Гран-при кезеңіне қатысады
17.09.2026, 09:50
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы ретінде арнайы кубок алды
15.09.2026, 11:00
Қазақстандық дзюдошылар Бакудегі әлем чемпионатына қатысады
14.09.2026, 14:00
Қазақстан еркін күрестен Армениядағы турнирде сегіз медаль жеңіп алды
14.09.2026, 11:30
Ақмарал Ерекешева Гран-при кезеңінде бес медаль жеңіп алды
14.09.2026, 10:25
Елена Рыбакина US Open турнирінің чемпионы атанды
13.09.2026, 09:00
Геннадий Головкин ISSA вице-президенті болып сайланды
12.09.2026, 20:40
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00