Теннистен Luxembourg Open турнирі кейінге шегерілді
Теннистен Luxembourg Open турнирі коронавирус пандемиясына байланысты өткізілмейтін болды.
Жарыс ұйымдастырушыларының мәлімдеуінше аталған дода 2021 жылдың күзінде өтуі мүмкін.
Айта кетерлігі, теннис маусымы наурыз айынан бері тоқтап тұр. Мамандар мұндай үзілісті тамыз айына дейін жалғасуы мүмкін деп болжауда. WTA Premier турнирі саналатын Люксембург ашық чемпионаты Кокельшойерде 19-25 қазан айында өтуі тиіс еді.
Қазіргі жағдайды ескеріп ұйымдастырушылар жанкүйерге үміт сыйламай, жарысты бір жылға кейінге шегеру туралы шешім қабылдаған.
Дереккөз: Olympic.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30