Илья Ильин жақын арада кәсіби спортпен қоштасатынын мәлімдеді
Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Instagram желісінде жақын арада кәсіби спортпен қоштасатынын мәлімдеді.
«Мен жақында өткен Қызылорда облысының әкімімен кездесуде спорттан кетер уақыт келгенін және өзімді жаңа қырымнан көрсетуге мүмкіндік бар екенін айттым. Бұл бағыттардың бірі - спорттық менеджмент. Мен туған Қызылордам мен еліміздің барлық аймағында спорттың дамуына қомақты үлес қоса аламын», - деп жазды Ильин.
Илья Ильин - үш салмақ дәрежесінде төрт дүркін әлем чемпионы, жасөспірімдер арасында екі дүркін әлем чемпионы, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы және әлемдік төрт рекордтың авторы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30