Конор-"Ковбой" жекпе-жегін "QAZSPORT" тікелей эфирде көрсетеді
18 қаңтарда әйгілі спортшы Конор Макгрегор октогонға қайта оралады. Ирландиялық спортшы америкалық Дональд Серронемен Лас-Вегаста айқасқа түседі.
Конор Макгрегор UFC 246 турниріне дейін 25 жекпе-жек өткізіп, 21 мәрте қарсыластарын қапы қалдырды. Ол 15 ай бұрын соңғы жекпе-жегін өткізіп, жеңілмеген спортшы Хабиб Нұрмағамедовтен айласын асыра алмады.
"Ковбой" өткен жылы 4 кездесу өткізді. Екі рет қарсыластарынан басым болғанымен, қос жекпе-жегінде жеңілістің ащы дәмін сезінді. Америкалық тәжірибелі спортшы 49 мәрте айқасқа түсіп, 36 жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған.
Аталмыш турнирді "QAZSPORT" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. UFC 246 жарысы 19 қаңтар күні елорда уақытымен сағат 07:00-де басталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бессайысшыларымыз жазғы Азия ойындарының финалына шықты
17.09.2026, 14:40
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Грузиядағы Гран-при кезеңіне қатысады
17.09.2026, 09:50
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы ретінде арнайы кубок алды
15.09.2026, 11:00
Қазақстандық дзюдошылар Бакудегі әлем чемпионатына қатысады
14.09.2026, 14:00
Қазақстан еркін күрестен Армениядағы турнирде сегіз медаль жеңіп алды
14.09.2026, 11:30
Ақмарал Ерекешева Гран-при кезеңінде бес медаль жеңіп алды
14.09.2026, 10:25
Елена Рыбакина US Open турнирінің чемпионы атанды
13.09.2026, 09:00
Геннадий Головкин ISSA вице-президенті болып сайланды
12.09.2026, 20:40