Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылғы Азия кубогіне іріктеу кезеңінің алғашқы ойындары өтеді
21 ақпан күні елордада 2021 жылы өтетін Азия кубогінің іріктеу турнирі басталады. Аталмыш доданың алғашқы айналымында Қазақстан құрамасы өз алаңында қос кездесу өткізеді.
Отандастарымыз Иордания, Палестина, Шри-Ланка сынды командалармен бір топта өнер көрсетеді.
Жарыстың бірінші күні жерлестеріміз Палестина баскетболшыларымен бақ сынасса, араға 3 күн салып иорданиялықтармен кездеседі.
Ұлттық құрама сары құрлық жарысына жолдама алады деп үміттенеміз. Ел құрамасының бас жаттықтырушысы Эмиль Райковичтің жорығы жемісті боларына сенім мол.
Естеріңізге сала кетейік, македониялық маман Қазақстан құрамасына былтыр келді. Ол өткен маусымда "Астана" баскетбол клубымен өте жақсы нәтиже көрсетіп, ВТБ лигасының үздік бапкері атанған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30