Левандовский 15 минутта 4 гол соғып Чемпиондар лигасының рекордын жаңартты
«Баварияның» үздік шабуылшысы Роберт Левандовский Сербияның «Црвена Звезда» командасына қарсы ойында рекорд орнатты. Поляк шабуылшысы 15 минуттың ішінде 4 гол соғып, Чемпиондар лигасының рекордын жаңартты. Бұған дейін дәл осы рекорд өзіне тиесілі болды.
Қазіргі таңда Левандовский 10 голмен сұрмергендер көшін бастап келеді. Ол бұл маусымда Месси мен Роналдуға қарағанда көбірек допты қақпаға дәл бағыттаған. Шабуылшы 30 матчта 33 гол соғып үлгерді. Бавария сапында 27 гол, Польша құрамасы үшін 6 доп соққан.
Айта кетейік, «Бавария» Сербияның «Црвена Звезда» командасын 0:6 есебімен жеңді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30