Ран Бен-Шимон: Қазақстан құрамасы өз алаңында жақсы ойнайды
Кипр құрамасының бас бапкері Ран Бен-Шимон матч алдындағы баспасөз мәслихатында ойыннан не күтетіні туралы айтты.
Қазақстан құрамасымен ойын қиын болары анық. Қазақстандықтар өз алаңдарында өте жақсы ойнайды. Никосиядағы ойыннан қорытынды шығарып, бұл матчта бірнеше өзгеріс жасаймын. Қос құрама осыған дейін 3 мәрте кездесті. Алайда қазақ жерінде тұңғыш рет қауышқалы тұрмыз. Қазақстан мен Кипр құрамаларының деңгейлері бірдей. Мені құрамадағы болашағым алаңдатпайды. Менің міндетім - ойын сапасын арттыру. Жас таланттардың ашылуына мүмкіндік беріп, өз міндетімді абыроймен атқаруға тырысамын, - деді Кипр құрамасының бас бапкері.
Қазақстан және Кипр арасындағы ойынды "QAZSPORT" телеарнасы сағат 19:50-ден бастап тікелей эфирде ұсынады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды
13.03.2026, 17:00
Елена Рыбакина Әлемнің екінші ракеткасы атанады
13.03.2026, 12:00
Елена Рыбакина ширек финалға шықты
12.03.2026, 10:30
Евгений Кошкин халықаралық турнирде топ жарды
12.03.2026, 10:00
Ресми: Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атағынан айырылды
11.03.2026, 10:09
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері
10.03.2026, 18:30
Елена Рыбакина ⅛ финалға шықты
10.03.2026, 11:50
Михаил Шайдоров ISU сыйлығына ұсынылды
10.03.2026, 09:59