Парапауэрлифтингтен әлем чемпионатын «QAZSPORT» телеарнасы көрсетеді
12-20 шілде аралығында елордада парапауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтеді. Токио Олимпиадасының жолдамасы үшін әлемнің 79 елінен келген 450-ге тарта спортшы бақтары мен баптарын безбенге салады.
Ұлттық құраманың бас бапкері Артур Томицкийдің айтуынша, бас қалада өтетін байрақты бәсекеде 29 қазақстандық атлет ел намысын қорғайды. Айтулы аламанда 2016 жылғы Рио Паралимпиадалық ойындарының күміс жүлде иегері Раушан Қойшыбаева, сондай-ақ, өткен жылғы Азия пара ойындарының жүлдегерлері Давид Дегтярев, Рахметжан Хамаев, Гүлбану Абдыхалықова сынды отандастырымыз жарыс жолына шығады.
Сайысқа түскен саңлақтарымызға «QAZSPORT» арнасымен бірге жанкүйер болайық!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бессайысшыларымыз жазғы Азия ойындарының финалына шықты
17.09.2026, 14:40
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Грузиядағы Гран-при кезеңіне қатысады
17.09.2026, 09:50
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы ретінде арнайы кубок алды
15.09.2026, 11:00
Қазақстандық дзюдошылар Бакудегі әлем чемпионатына қатысады
14.09.2026, 14:00
Қазақстан еркін күрестен Армениядағы турнирде сегіз медаль жеңіп алды
14.09.2026, 11:30
Ақмарал Ерекешева Гран-при кезеңінде бес медаль жеңіп алды
14.09.2026, 10:25
Елена Рыбакина US Open турнирінің чемпионы атанды
13.09.2026, 09:00
Геннадий Головкин ISSA вице-президенті болып сайланды
12.09.2026, 20:40