Қазақстан Еуропа кубогында 4 медаль жеңіп алды
1-2 маусым күндері Австрияның Лейбниц қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы өтті.
48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Ақмарал Науатбек Еуропа кубогының жеңімпазы атанды. Жарыстың финалында бразилиялық Лаура Феррейраны иппон ұпайыммен ұтты. Дәл осы салмақ дәрежесінде Ғалия Тынбаева қола жүлдені қоржынға салды.
Жігіттер арасында Болат Біләл (60 кг) мен Ермек Амангелді (66 кг) финалға шығып, қос күміске ие болды.
Айта кетерлігі, Еуропа кубогына 34 елден 581 дзюдошы қатысты. Қазақстан жастар құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде 6-орынға жайғасты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00