АЛМАТЫДА ФУТЗАЛДАН СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
19-26 тамыз аралығында Алматы қаласы студенттер арасында футзалдан Әлем Чемпионатын қабылдайды.
ТМД аумағында алғаш рет өткізіліп отырған жарысқа 16 ерлер, 9 әйелдер командасы қатысады. Бұған дейін, студенттер арасында футзалдан Әлем Чемпионаты Бразилия, Португалия, Испания, Италия, Финляндия, Венгрия, Польша, Словения, Сербия және Кипр елдерінде ұйымдастырылды.
Чемпионаттың ойындары Алматы қаласындағы «Almaty Arena» және «Halyk Arena» спорт кешендерінде өтеді. Финал 26 тамыз күні «Almaty Arena» спорт кешеніне жоспарланған.
Дүбірлі доданы "QAZSPORT" арнасы тікелей эфирде көрсететін болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00