Қазақстан Барысы-2017. Еламан Ерғалиев Нұрдәулет Жарылғаповты қапы қалдырды (ВИДЕО)
Еламан «Қазақстан барысына» алғаш рет 2016 жылы қатысқан. Биылғы турнирдің екінші ауыр палуаны (141,6 келі). 2011 жылғы «Жас Барыс» республикалық турнирінің жеңімпазы. Бапкері - Дархан Алмаханов. Бұған дейінгі Мұхит Тұрсыновпен белдесуінде жартылай жеңіс және екі бүк ұпайымен басым түсті. Ал, Нұрдәулет Жарылғапов - аса ауыр салмақты палуандардың бірі (135 кг). Турнирге 2015 жылдан бері қатысып келеді. Лақап аты – «Қара бура». Бұған дейін Нұрдәулет Жарылғапов қызылордалық Мақсат Исағабыловтан басым түскен. Белдесуде Еламан Ерғалиев жеңді. Келесі кезеңде ол Асыл Бәрменовпен жолығатын болды. Айта кетейік, турнирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00