Қазақстан Барысы-2017. Асыл Бәрменов маңғыстаулық Мейрамбек Жаңабайды таза ұтты (ВИДЕО)
Қарағанды облысының өкілі Асыл Бәрменов маңғыстаулық Мейрамбек Жаңабаймен белдесті. Ол алдында жартылай жеңіс ұпайын алған болатын, қазіргі белдесуде таза тастап Мейрамбек Жаңабайдан басым түсті. Асыл Бәрменов «Қазақстан барысы» турнирінің 2012, 2014, 2015, 2016 жылдардағы қатысушысы. 2014 жылғы күміс жүлдегер. Бүгінгі турнирде солтүстікқазақстандық палуан Алтынбек Аусағитовтан басым түсті. Қарсыласы – маңғыстаулық Мейрамбек Жаңабай. 2013, 2014, 2015 жылғы жарыстардың қатысушысы. «Қазақстан барысы» атанбай, турнирден кетпеймін» деген ұстанымдағы палуан. Бүгін астаналық палуан Дархан Бижановтан айла асырды. Айта кетейік, турнирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00