Қазақстан Барысы-2017. «Әскер барысы» Асыл Бәрменовтен басым түсті (ВИДЕО)
Келесі кезеңде Қарағанды облысының палуаны Асыл Бәрменов пен «Әскер барысы» Еламан Ерғалиев белдесті. Асыл Бәрменов солтүстікқазақстандық палуан Алтынбек Аусағитовты ұтты, кейін маңғыстаулық Мейрамбек Жаңабайды таза түсірді. Ал, Еламан Ерғалиев алдымен ШҚО палуаны Мұхит Тұрсыновтан, одан кейін маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповтан басым түскен болатын. Осы белдесуде Асыл Бәрменов жамбасын ауыртып алса да, кездесуді соңына дейін жалғастырды. Дегенмен, жарақаты жеңіске жеткізбеді. Осы кезеңдегі жеңімпаз Еламан Ерғалиев енді жартылай финалда Арман Қалиевпен жолығады. Айта кетейік, турнирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00