Қазақстан Барысы-2017. Ержан Шынкеев бірінші белдесуінде «Ақмола арланын» жеңді (ВИДЕО)
12-ші жұп - Қарағанды облысының өкілі Ержан Шынкеев пен ақмолалық Бекбол Нұрланұлы. Ержан Шынкеев «Қазақстан барысы» турнирінің күміс жүлдегері (2013) атанған. Қарсыласы Бекбол Нұрланұлы турнирге тұңғыш рет қатысуда. Қазақ күресінен спорт шебері. Белдесуде 2 минут 10 секундта Ержан Шынкеев жеңді. Оның келесі айналымдағы қарсыласы – жетісулық Александр Касачев. Александр Касачев бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының өкілі Жолдасбек Бектұрсынов пен Жамбыл облысының палуаны Айбол Айтпековты ұтқан болатын. Естеріңізге саламыз, турнирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетуде. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsporttv.kz cайттарынан онлайн көре аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00