Шорт-тректен Әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы анықталды
8-10 наурызда София қаласында шорт-тректен өтетін Әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы анықталды.
Әлем кубогы кезеңдерінің қорытындысы бойынша қазақстандықтар төрт лицензияға ие болды. Атап айтқанда, көпсайыстан 1500, 500 және 1000 метр қашықтықта ерлерден Нұрберген Жұмағазиев пен Әділ Ғалиахметов жарыс жолына шығады.
Әйелдерден осы сында Әлия Ким мен Анастасия Крестованың қайсысы жақсы дайын болса, соған мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, құрамында Әлия Ким, Анастасия Крестова, Ольга Тихонова және Әсел Тайшыманова бар төрттік 3 мың метрлік эстафетада бақ сынайды.
Бас бапкер, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков құраманың 17 ақпаннан Мәскеуде оқу-жаттығу жиынын өткізетінін мәлімдеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00