Игорь Сон ауыр атлетикадан лицензиялық турнирде күміс жүлдеге ие болды
Катардың Доха қаласында ауыр атлетикадан лицензиялық турнир басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына бір күміс түсті деп хабарлайды ҚР ҰОК.
61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Игорь Сон қоссайыс қорытындысы бойынша күміс медаль иеленді.
Ол жұлқа және серпе көтеруден де екінші орын алғанын айта кету керек.
Осы салмақтағы тағы бір спортшымыз Арли Чонтей төртінші орынды қанағат тұтты. 67 келідегі Фархад Харки де үздік төрттікте.
Еске сала кетейік, Дохада осымен бесінші рет өтіп жатқан халықаралық турнир Олимпиада қарсаңында ұпай үлестіреді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты
18.09.2026, 18:00
Бессайысшыларымыз Азия ойындарының финалына жолдама алды
18.09.2026, 15:15
Волейболдан Қазақстан құрамасы ширек финалға шықты
18.09.2026, 11:10
Бессайысшыларымыз жазғы Азия ойындарының финалына шықты
17.09.2026, 14:40
Дэвис кубогы: Қазақстан – Таиланд матчының жеребесі тартылды
17.09.2026, 14:04
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Грузиядағы Гран-при кезеңіне қатысады
17.09.2026, 09:50
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы ретінде арнайы кубок алды
15.09.2026, 11:00
Қазақстандық дзюдошылар Бакудегі әлем чемпионатына қатысады
14.09.2026, 14:00