Головкин британдық Келл Брукке қарсы жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетті (ВИДЕО)
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин британдық Келл Брукке қарсы жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Лондон қаласының О2 аренасында өткен кездесу бесінші раундта аяқталды. Британдық боксшының командасы жекпе-жекті ары қарай жалғастырудан бас тартты.
Осылайша, 34 жастағы отандасымыз спорт мансабындағы 36-шы жеңісіне жетті. Головкин 33-ші рет және 22 рет қатарынан кездесуді нокаутпен аяқтады. Өз кезегінде британдық боксшы Брукке бұл спорт мансабындағы 37-ші жекпе-жек және алғашқы жеңіліс болды. Соған қарамастан, Брук IBF нұсқасы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы атағын сақтап қалды.
Айта кетейік, бұл кездесу Головкин үшін Ұлыбритания жерінде өткен алғашқы жекпе-жек. Бұған дейін ол Германия, Дания, Панама, Қазақстан, Украина, АҚШ және Монако елдерінде жұдырықтасқан болатын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05