Букмекерлер Головкин – Брук жекпе-жегінде қазақстандық боксшыны фаворит санайды
Бүгін, Астана уақытымен сағат 00:00-де орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF және WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) мен жартылай орта салмақта IBF белбеуінің иегері британдық Келл Брук (36-0, 25 КО) арасында жекпе-жек өтеді. Букмекерлер қазақстандық боксшыны жекпе-жектің айқын фавориті деп болжап отыр.
William Hill букмекерлік кеңсесінің мәліметіне қарағанда, Геннадий Головкиннің коэффициенті 1.20-ке тең, ал Келл Бруктікі – 5.00. Өз кезегінде тең нәтижеге 29.00 коэффициент беріліп отыр.
Қазақстандық спортшының нокаут, техникалық нокаут немесе қарсыластың дисквалификация алуы арқылы жеңіске жетуіне 1.30 коэффициент берілген. Ал 30 жастағы британдықтың дәл осындай нәтижесіне 10.00 коэффициент ұсынылып отыр.
Ал раунд бойынша ең ықтимал нәтиже ретінде 4-6 раундтар арасындағы Головкиннің жеңісі болып есептеледі. Оған 3.50 беріліп отыр. Боксшылар барлық раундта жұдырықтасады: иә - 4.00, жоқ - 1.22.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық жанкүйерлер тағатсыздана күтіп отырған Геннадий Головкин мен Келл Брук арасындағы кездесуді бүгін сағат 00:00-де «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsport.kz. сайттары арқылы жекпе-жектің онлайн-көрсетілімі жүргізіледі.
Жекпе-жектің қайталауын «Kazsport» телеарнасынан 11 қыркүйек күні 9:50-де және 12 қыркүйек күні 00:35-те тамашалай аласыздар. Ал, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан қайталаулар 11 қыркүйек күні 10:00 мен 15:00-де болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05