ESPN Головкинді «нокаут королі» деп атады
Америкалық ESPN спорт телеарнасы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді (35-0, 32 КО) «нокаут королі» деп атады.
Аталған телеарна Головкинның жекпе-жектен тыс уақытта жымиып жүрсе де, шаршы алаңда нағыз жауыз жыртқышқа айналады, сол себепті де 35 кездесудің 32-сін нокаутпен жеңген (кездесулердің 91 пайызы нокаутпен аяқталған). Сонымен қатар, Головкин 22 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған. Қазақстандық боксшы өзінің әуесқой және кәсіби спорт мансабында еш уақытта нокдаунда немесе нокаутта болып көрмеген.
ESPN арнасы Головкинды «бокстан әлемнің номері бірінші жұлдызы» деп санайды. Оның Мартин Мюрреймен болған кездесуінде АҚШ-тың НВО арнасы 1,4 миллион көрермен жинаған, миллионға жуық адам оны тікелей эфирден Ұлыбританиядан тамашалаған. Оның Доминик Уэйдке қарсы жекпе-жегін HBO телеарнасынан 1,3 миллион көрермен тамашалаған. Ал 10 қыркүйек күні өтетін Головкин – Брук кездесуін тікелей эфирде 100-ден аса мемлекет көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05