Геннадий Головкин орта салмақтағы WBC чемпионы атанды
WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) кезекті титулына ие болды.
Дүниежүзілік бокс кеңесі «Golden Boy Promotions»-тен Сауль Канело Альварестің орта салмақтағы WBC белдігінен бас тартуы жайлы ресми хабарлады.
«Геннадий Головкин WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы атанды. WBC Канелоға карьерасында сәттілік тілейді, болашақта Головкин-Альварес жекпе-жегін көруге ниеттіміз». - делінген ұйым қаулысында.
Г.Головкин бұған дейін WBA (Дүниежүзілік бокс ассоциациясы), IBO (Халықаралық бокс ұйымы) және IBF (Халықарылқ бокс федерациясы), ал, бүгін мексикалық Сауль «Канело» Альварес Геннадиймен болатын жекпе-жектен бас тартып, WBC (Дүниежүзілік бокс кеңесі) белдігін Головкинге берді.
Сөйтіп, Геннадий Головкин жекпе-жек өткізбей-ақ, WBC белбеуінің иегері атанды.
Кәсіпқой бокстағы тағы бір чемпиондық белбеуі WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) британиялық боксшы Билли Джо Сондерсте.
Айта кетейік, Геннадий Головкин 24 сәуір күні өзінің 35-ші жекпе-жекгін өткізіп, америкалық боксшы Доминик Уэйдті 2 раундта нокаутпен жеңген болатын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30
«Барселона» - «Фейеноорд»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:00
Қазақстандық жасөспірімдер триатлоннан әлемдік серияның финалына қатысады
09.09.2026, 13:15
Дэвис кубогі: Қазақстанның Таиландқа қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды
09.09.2026, 11:00