Қанат Ислам Алматының Халықаралық әуежайында ұлы Абылайдың тұсауын кесті
Таяуда АҚШ-та өзінің 21-ші кездесуін жеңіспен аяқтаған 31 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам жаңа ғана Алматыға келді.
Алматының Халықаралық әуежайында Қанатты қарсы алу үшін 200-ге жуық адам жиналды. Олардың арасында Республикалық спорт колледжінің директоры Амалбек Тшанов, Қазақстанның бокс федерациясының вице-президенті, белгілі меценат Бауыржан Оспанов, бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов және басқа да белгілі тұлғалар болды.
Көпшілік алдында Амалбек Тшанов барша қазақстандық жанкүйерлердің атынан Қанаттың иығына шапан жапты.
Өз кезегінде Қанаттың қамқоршы ағаларының бірі Бауыржан Оспанов та Қанатты кезекті жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да жанкүйерлерін қуанта беруіне тілектестік білдірді.
Осыдан кейін, «Ұлымның тұсауы кесілсе екен» деп үміттеніп келген Қанаттың тілегі орындалды. Көпшілік алдына оның кішкентай ұлы Абылайхан шығарылып, аяғына ала жіп байланды. Сөйтіп, қаумалаған жұрттың сүйемелдеуімен аяғын тәй-тәй басқан Абылай баспалдақпен жоғары қарай жүріп әкесіне жетті. Қанат ұлының тұсауын кесіп, оны мейірлене құшағына басты.
«Ассалаумағалейкүм халқым! Мұндай тосын сый болады деп ойламаған едім. Көп рахмет сіздерге! Мұның барлығы, елдігіміздің, егемендігіміздің арқасы деп білемін. Тыныштық болмаса біздің бокс, біздің өлең кімге керек. Сондықтан мен өте қуаныштымын. Рахмет сіздерге!», - деді Қ. Ислам.
inform.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30
«Барселона» - «Фейеноорд»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:00
Қазақстандық жасөспірімдер триатлоннан әлемдік серияның финалына қатысады
09.09.2026, 13:15
Дэвис кубогі: Қазақстанның Таиландқа қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды
09.09.2026, 11:00