Геннадий Головкин Әлем чемпионы атағын 16-шы рет қорғай ала ма?
WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) 23 сәуір күні (Астана уақытымен 24 сәуір) америкалық боксшы Доминик Уэйдке (18-0, 12 КО) қарсы жекпе-жекке шығады.
Г.Головкин Д.Уэйдке қарсы жекпе-жекте WBA (Super) белбеуін 16- шы рет қорғайды. Ол бұл белбеуді колумбиялық Милтон Нунезге қарсы өткізген 19-шы кездесуінде жеңіп алған.
Сондай-ақ, ол IBO белбеуін 13-ші, WBC белбеуін 4-ші және IBF белбеуін 1-ші рет қорғамақ.
Айта кетейік, жекпе-жекті 24 сәуірде 07:00-ден бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен kaztrk.kz сайты тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, кездесуді «Қазмедиа Орталығының» лэд-экрандарынан тамашалай аласыздар.
Сондай-ақ, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жанкүйерлер арасында екі Samsung Galaxy A3 смартфонын ойнатуда. Байқаудың шарттары Kaztrk.kz сайтында.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30
«Барселона» - «Фейеноорд»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:00
Қазақстандық жасөспірімдер триатлоннан әлемдік серияның финалына қатысады
09.09.2026, 13:15
Дэвис кубогі: Қазақстанның Таиландқа қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды
09.09.2026, 11:00